«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КЕШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халқымыздың куанышы мен күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы қос ішекті аспаптың шанағынан күй болып төгілген. Біз үшін домбыраның орны ерекше. Бүгінде қазақтың тарихымен тамырлас қасиетті аспапқа өскелең ұрпақтың қызығушылығы зор. Қазақ елінің тарихы мен шежіресінен сыр шертер ғибратты термелер мен күйлерді орындап, көпшіліктің ілтипатына бөленіп жүрген “Күдер” ансамблінің өнерпаздарын мақтан етуге болады.

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ-сазды драма теат­рында Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнер­де дарынды балаларға маман­дандырылған мектеп-интернаты жанындағы “Күдер” ансам­блінің “Ұлт күдері – домбыра” атты концерті ұйымдастырыл­ды. Есімдері өңір жұртшылығы­на белгілі Қайырлы Ғафуров, Ға­лымжан Нұрпейісов, Біржан Ес­жан, Дәурен Тойбазаров сынды өнер иелері ансамбль құра­мындағы жас талант иелерін қол­дау мақсатында олармен бір­ге өз өнерлерін паш етті.

Сахна шымылдығын Ержан Тоқ­са­ба­новтың “Жауға” атты күйі­мен ашқан “Күдер” ансамблі Қуа­ныш Нүкішевтің “Шабыт”, Малғаждар Әубәкіровтың “Талас”, Ма­хамбеттің “Жұмыр қылыш” және Құрманғазының “Адай” күйлері­мен залдың ішін жаңғыртып, қазақ өнерін асқақтатты.

– Концерттің жоғары деңгей­де өткенін көрермендердің ықы­ласынан байқауға болады. Шә­кірттерім сенімімді ақтады. Оларды мақтан етемін. Біз мұн­дай концерттерді жиі ұйымдас­тырамыз. Мұндай шаралар дом­быраға әуес балалардың та­лап­тарын ұштай түседі, – дейді “Кү­дер” ансамблінің жетекшісі Тойкен Күдерова.

Ширек ғасырдан астам тари­хы бар “Күдер” ансамблінің шы­ғар­машылық репертуары бай. Қор­жында шамамен 40-қа жуық күй бар. Өнерпаздар күйдің түр-түрін – төкпе, шертпе күйлерді, яғни Ба­тыс, Жетісу мен Шығыс өңірінің күй­шілік дәстүрін шебер меңгер­ген. Ансамбль мүшелері олардың бірқатарын тыңдарман назарына ұсынды.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суреттерді түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp