«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүлдегер жүзгіштер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Талдықорған қаласында жүзуден ел біріншілігі өтті. Чемпионатта Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар ойнатылды.

Жарысқа Қазақстаннан бө­лек, Өзбекстан мен Тәжікстан ел­дерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Өңіріміздің атынан 15 жүзгіш бағын сынады. 200 метр қашықтыққа жүзуден еркін стильде жерлесіміз Егор Василенко және 100 метр қашықтықта Ми­рослава Пригоженко үшінші орыннан көрінді.

Еркін стильдегі эстафетада төрт спортшы 100 метр қашықтықты бағындыруы тиіс еді. Ұл-қыздардан құралған командада жерлестеріміз де жүлдегерлер қа­тарынан көрінді. Құрамында Ми­рослава Пригоженко, Яна Лукьян­­чикова, Егор Василенко және Артем Казанцевтер бар ко­манда екінші орынды иеленді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp