«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мексикалық туристің алғысы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Оңтүстік” бақылау-өткізу беке­тіндегі ауысым құрамында кезек­шілікте тұрған патрульдік полиция­ның аға инспекторы Асқар Серда­линов 21 мамыр күні таңертең жол үстінен сәл алшақтау жердегі ор­ман ішінен туристік палатканы бай­қап қалған. Оның ішінде жаңбырдан соң үсті-басы малмандай су болған велосаяхатшы түнеп жатқан екен. Ол Мексика елінің Энрике Рамирес есімді 57 жастағы азаматы болып шықты.

Тәртіп сақшылары оны бекетке шақырып, ыстық шай берген. Смартфондағы веб-аудармашының көмегімен шетелдікпен ағылшын тілінде сөйлескен. Мекси­калық азамат Ресейден Астана қа­ласына бара жатқанын, кейін Са­ратов қаласындағы музыкалық фес­тивальге қатысатынын айтқан. Су тасқынынан кейін ылғалды орман­да киімдерін ұзақ уақыт кептіруге тура келген. Қуанышқа орай, Пет­ропавл қаласынан полицейлер оған уақытша баспана тауып берді. 22 мамыр күні Энрике Рамирес полиция қызметкерлеріне қамқор­лықтары үшін алғысын айтып,  са­па­рын жалғастырған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp