“Оңтүстік” бақылау-өткізу бекетіндегі ауысым құрамында кезекшілікте тұрған патрульдік полицияның аға инспекторы Асқар Сердалинов 21 мамыр күні таңертең жол үстінен сәл алшақтау жердегі орман ішінен туристік палатканы байқап қалған. Оның ішінде жаңбырдан соң үсті-басы малмандай су болған велосаяхатшы түнеп жатқан екен. Ол Мексика елінің Энрике Рамирес есімді 57 жастағы азаматы болып шықты.
Тәртіп сақшылары оны бекетке шақырып, ыстық шай берген. Смартфондағы веб-аудармашының көмегімен шетелдікпен ағылшын тілінде сөйлескен. Мексикалық азамат Ресейден Астана қаласына бара жатқанын, кейін Саратов қаласындағы музыкалық фестивальге қатысатынын айтқан. Су тасқынынан кейін ылғалды орманда киімдерін ұзақ уақыт кептіруге тура келген. Қуанышқа орай, Петропавл қаласынан полицейлер оған уақытша баспана тауып берді. 22 мамыр күні Энрике Рамирес полиция қызметкерлеріне қамқорлықтары үшін алғысын айтып, сапарын жалғастырған.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.