Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Салдарынан 48 жастағы ер азаматты күйік шалды.
Төтенше жағдай мамырдың 22-сі күні сағат екілер шамасында орын алған. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды. 4-ші Строительный, 7 мекенжайында орналасқан баспанаға дереу өртсөндірушілер жіберілді. Құтқарушыларға қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті “Гладких” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері көмектесті. Өрт сағат 03:25-те ауыздықталды. 48 жастағы үй иесі ауруханаға жатқызылды. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалған. Науқастың жағдайы ауыр.
Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.