«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Рәсімдік талаптар сақталуы шарт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі бизнес әлемінде болып жатқан жылдам өзгерістер компаниялар өмірінің, оның ішінде атауларының ажырамас бөлігіне айналды. Олар алдарына жүзеге асуы тиіс стратегиялық мақсаттар белгілеп отыратындықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті қайта құру мәселесінде ықпалы зор. Сондықтан әртүрлі себептермен ұйымдардың атауларын өзгерту туралы шешім қабылдау барысында заңды тұлғаның атауын өзектендіру (түзету) процесі заңнамамен реттеледі және белгілі бір рәсімдерді талап етеді.

Заңға сәйкес заңды тұлғаның атауын өзгерту үшін бірқатар рәсімдерден өту қажет. Алдымен компания қатысушылардың (акционерлердің) немесе құрылтайшылардың жалпы жиналысында атауды өзгерту туралы шешім қабылдауы тиіс. Содан кейін атаудың өзгеруі мемлекеттік (салық) органдарда тіркелуі шарт. Сосын тиісті өзгерістер, яғни құрылтай құжаттары мен атаудағы өзгерістер туралы ақпараттар ресми дереккөздерде жарияланады.

Бұдан бөлек, “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” заңның 10-бабы 1-тармақшасына сәйкес, заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіруге қатысты (түзету) мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітіледі. Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) жеке өтініш негізінде мемлекет дерекқорына енгізіледі. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Оларға мемлекеттік қызметті “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалдары көрсетеді. Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың, адвокаттар алқасының, нотариаттық, жеке сот орындаушылары, ұлттық кәсіпкерлер, сот сарапшылары, төрелік палаталарының, заң консультанттары алқасының, шетелдік заң консультанттары филиалдары мен өкілдіктерінің атауларын өзектендіру (түзету)  осы тәртіппен орындалады. Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерінің, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Ал коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзетуді) мемлекеттік корпорация филиалдарының міндетіне жатады.

Көрсетілетін қызметті ұсынушы заңды тұлғалар аталған талаптарға орай қағидалардың қабылданғаны туралы өтініштерді бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді. Заңды тұлғаның атауын өзектендіру (түзету) компанияның құқықтары мен міндеттерін қайта бағалауды, келісімшарттар мен шарттарды өзгертуді, сондай-ақ әртүрлі органдарда қайта тіркелу қажеттілігін қоса алғанда, бірқатар заңды салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Сондықтан атауды өзгерту туралы шешім қабылдамас бұрын осы үдерістің барлық аспектілерін мұқият зерттеп, адвокаттармен кеңесу керек.

Түйіндей айтқанда, Қазақстанда заңды тұлғаның атауын өзектендіру (түзету) жауаптылықты қажет ететін рәсім болып табылады.  Қойылатын барлық ережелерді сақтау құқықтық проблемаларды болдырмауға көмектесіп, компания бизнесіндегі өзгерістердің сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қайрат МЫРЗАХМЕТОВ,

облыстық әділет департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp