«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құқықтары қорғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғандығын анықтады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 1632 оқушының құқығы қорғалды.

Қадағалаушы органның мәліметінше, прокурорлар облыстың білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізді. Айыртау және Уәлиханов аудандарында мектеп автобустарының жүргізушілері жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 107, 108 тармақтарын бұза отырып, жолға шығу алдында медициналық тексеруден өтпей, 372 баланы тасымалдаған.

Мағжан Жұмабаев және Аққайың аудандарының білім беру ұйымдарында көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімдер жасалмаған. Сондай-ақ автобус жүргізушілері алкогольдік және есірткілік заттарды пайдалануды анықтау бойынша медициналық тексеруден өтпеген. 

Аққайың ауданында 4 білім беру мекемесі автобустарының алғашқы медициналық көмек қобдишасы және апаттық белгісі болмаған.

Прокурорлардың актілері бойынша кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды, заң бұзушылықтар жойылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp