Талдықорған қаласында жүзуден ел біріншілігі өтті. Чемпионатта Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар ойнатылды.
Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Тәжікстан елдерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Өңіріміздің атынан 15 жүзгіш бағын сынады. 200 метр қашықтыққа жүзуден еркін стильде жерлесіміз Егор Василенко және 100 метр қашықтықта Мирослава Пригоженко үшінші орыннан көрінді.
Еркін стильдегі эстафетада төрт спортшы 100 метр қашықтықты бағындыруы тиіс еді. Ұл-қыздардан құралған командада жерлестеріміз де жүлдегерлер қатарынан көрінді. Құрамында Мирослава Пригоженко, Яна Лукьянчикова, Егор Василенко және Артем Казанцевтер бар команда екінші орынды иеленді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.