«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Отқа оранған үй

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылында жеке тұр­ғын үй өртенді. Салдарынан 48 жастағы ер азаматты күйік шалды.

Төтенше жағдай мамырдың 22-сі күні сағат екілер шамасын­да орын алған. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды. 4-ші Строительный, 7 мекен­жайында орналасқан баспанаға дереу өртсөндірушілер жіберілді. Құтқарушыларға қызыл жалын­ды ауыздықтауға жергілікті “Гладких” жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігінің қызметкерлері көмектесті. Өрт сағат 03:25-те ауыздықталды. 48 жастағы үй иесі ауруханаға жатқызылды. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалған. Науқастың жағдайы ауыр.

Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp