«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зерттеу сабағының оң нәтижелері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әр педагог үшін өз білімін шыңдау, дамыту – басты мақ­сат. Қазіргі кезде педагогтар да­рынды, талантты, шығарма­шыл, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын, тілін, дінін біле­тін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қастерлейтін, еңбекқор, ұйым­дастырушылық қабілеті бар, өз бетімен шешім қабылдай ала­тын, ізденуші, зерттеуші, ба­қы­лаушы, шығармашылықпен жұ­мыс істейтін жаңашыл болуы ке­рек. Осы орайда мұғалімге “Les­son Study” тәсілінің көмегі зор. Аталған тәсіл – білімді жетіл­ді­руге бағытталған, сабақ зерт­теудің ерекше үлгісі болып та­бы­латын педагогикалық әдіс.

Сол себепті осы “Lesson Stu­dy” тәсілін тәжірибеде қолдан­ған жөн деп санадым. Мен мұ­ғалім тәжірибесіндегі зерттеу тренері болғандықтан мектепте мұғалімдер арасында зерттеу тобын құрдым. Топ мүшелері төрт адамнан құрылды. Қазақ тілі, ағылшын тілі, биология және физика пәндері мұғалім­дері бірігіп жұмыс істедік. Алды­мен сыныпты, оның ішіндегі ба­қыланатын үш оқушыны таңда­дық. Олар әрқайсысы сынып­тағы белгілі бір топтың өкілі бо­луы қажет. Мысалы, оқу үлгері­мінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушы болуы тиіс.

Сабақтың кезеңдерін жос­парлап, уақыт шеңберін белгі­ледік. Күтілетін нәтижені бол­жап, қолданылатын ресурс­тарды анықтадық. Осылайша әр пән мұғалімі сабақтарын өт­кізді. Аталған үдерістер бірне­ше сабақ бойы қайталанып, же­тілді­рілді. Мен білім мазмұнын жа­ңар­тудағы көптеген белсенді әдіс пен тәсілдерді үйренген бо­ла­тынмын. Сол әдістердің бір­нешеуін сабағымда қолдан­дым. Мысалы, оқушыларға сабақ бас­талар алдында олардың көңіл күйін көтеріп, қызығушы­лығын ояту үшін “Gummy Bear” жатты­ғуын жасаттым.

Оның оқушылардың көңіл күйін жақсартуға әсері мол. Миға шабуыл жасау үшін “Fly wrap­per” әдісін қолданып, өткен тақырыпқа шолу жа­садым. Мәтінді оқыту кезінде “Jiggso” әдісін қолдандым. Бұл әдісті қолданғанда оқу­шылардың есте сақтау қабілеті жақсарады. Себебі мәтін бір­неше рет қай­таланып оқылады. Ал сабақты бекіту үшін “ашық” cұpaқтap қою apқылы олардың сабақты қалай қабылдаған­дарын тексердім. Бұл cыныптa oқyшылapдың тa­қы­pып бoйын­шa өз oйлapын ай­туға мүмкiндiк бepді, бacқa aдaмдapдa түpлi идeя бoлaты­нын түciнyге және өз идeялapын дәлeлдeyгe кө­мeк­тecті.

Зepттeyгe aлғaн cынып oқy­шы­лapының aғылшын пәнi бoйыншa бiлiмiн aнықтay үшiн ”Бiлiм aғaшы” және “BLAB TREE” әдiciн қoлдaндым. A,В oқy­­шылapы өздepiн aғaштың ұшар биігіне шығapып қoйғaн, aл “C” oқyшы өзiн aғaштың op­тa­cынa opнaлacтыpғaн.

Зерттеу сабағын қадағалай отырып, мұғалімнің оқыту стилі­не өзгеріс енгізіп, тәжірибесін же­тілдіру үшін пайдалы екенін аң­ғардым. Сабақты қадағалау дағ­дыларын дамыту арқылы мұға­лімдер оқушылардың ой­лау үде­рісін түсініп қана қой­май, өзінің оқыту тәжірибесіне назар ауда­рады. Осылайша бақыланған оқу­шыларда көптеген өзгерістің пайда болғанын байқадым. Яғни С деңгейіндегі бала өте ұяң болатын, топта жүріп өз пікірін ашық жеткізе бі­луді үйренді. Мен өзгерістерді әрбір деңгей­дегі оқушымен сұхбат алғанда байқадым.

Жалпы оқыту үдерісінде ба­ла­лардың cөйлey қaбiлeтiн жaқ­capтyда тoптық жұмыc, диaлoг­тiк oқытy аз. Coндықтaн дa мeн болашақта да ocы әдic тәciл­дepдi қoлдaнуды жоспарлап отырмын.

Дәулет ҚҰРМАШ,

Дәуқара орта мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp