Мағжан сенген жастар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде 8-11 сынып оқушыла­рына арналған республикалық “Мағжан оқулары” байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау­дың мақсаты – жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру.

Байқау үш аталым – “Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім” Мағжан шығармаларын жатқа оқу, “Жасынан оқу оқып, өнер қу­ған…” ғылыми жоба жұмысы, “Ақын да бір бала ғой айға ұм­тылған” жас дарындардың ақын­ға арнап жазған өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу бойынша өтті. Бай­қауға облыс мектептерінен 36 оқушы қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша Мағ­жанның маржан жырларын мәнерлеп, нақышына келтіре жатқа айтып, бай шығармашы­лығын зерттеп, ғылыми жоба жа­зып, бақ сынаған үздіктер анық­талды. “Өлең – менің Шолпа­ным, Айым, Күнім” аталымы бо­йынша Тайынша ауданындағы Мәдениет негізгі мектебінің оқу­шысы Райян Қоянбек жеңімпаз атанды. “Жасынан оқу оқып, өнер қуған …” ғылыми жоба жұ­мысы аталымында Қызылжар ауданы “Парасат” мектеп-ли­цейінің оқушысы Санжар Қоныс­баевтың еңбегі үздік деп таныл­ды. “Ақын да бір бала ғой айға ұм­тылған” аталымында Ақжар ауданы Киев орта мектебінің оқу­шысы Бақыт Ысқақова бірінші орынды жеңіп алды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp