«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АУҚЫМДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов пен ауыл шаруашы­лығы ми­нистрі Айдарбек Сапа­ровтың қа­тысуымен көктемгі да­ла жұмыс­та­рының барысы жә­не мемлекет­тік қолдау шарала­рын түсіндіруге арналған кеңес өтті. Жиынға мем­лекеттік ор­ган­дар мен қаржы инс­титутта­ры­ның бас­шылары, се­лек­тор­лық ре­жім­де аудан әкім­дері мен ауыл шаруашылығы құ­ры­лымда­ры­ның жетекшілері қа­тысты.

Жиын барысында Мемле­кет басшысының тапсырмасы­на сай ауыл шаруашылығы жал­пы өнімі­нің көлемін 2 есеге ұл­ғай­ту және қайта өңдеу өнімде­рінің үлесін 70 пайызға жеткізу мә­селелері тал­қыланды. Мін­дет­терді орындау үшін тиісті ве­домство жол кар­тасын әзірле­ді және көрсеткіштерді белгіледі.

Мемлекет егіс науқанын оң­тай­лы мерзімде ұйымдастыру жә­не сәтті аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылда­ды.

Сұрақ-жауап форматында өт­кен жиында серіктестік бас­шы­­ла­ры аграрлық саладағы өзекті мә­селелерді көтеріп, барлық сұрақ­тарға толыққанды жауап берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp