«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОНЫСТОЙ ҚУАНЫШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шегіп, бұзылған үйлерінің орнына пәтер алған қала тұрғындарының шаңырақтарына барып,  қоныстоймен құттықтады.

Үш бөлмелі пәтерге қол жеткізгендердің бірі Юлия Сабитова жаңа қонысқа ұлы және ата-анасымен бірге көшті. Ол осыған дейін Ойқала шағынауданында тұрған.

Ал отбасында екі бала тәрбиелеп отырған Қуаныш пен Гүлден Серіковтер жаңа үйден  бір бөлмелі пәтер алды. Перминов көшесіндегі ескі үйлері тұруға жарамсыз деп  танылғандықтан, бұл отбасыға баспана тез арада берілді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес күні бүгін өңірімізде зардап шеккендерге көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Тексеру нәтижесінде үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындарға Петропавл қаласынан 31 пәтер сатып алынды. 

Тасқын судан зардап шеккендер пәтер алады немесе “Солнечный-2” шағынауданында салынып жатқан 520 үйдің бірінің иесі атанады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp