«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында болған жұмыс сапары барысында Новоникольское ауылы тұрғындарының жайлы өмір сүру сапасымен танысты. Жаңадан салынған тұрғын үйлерді, мәдени-спорттық нысандарды көкөніс қоймасын аралап көрді.

Мұнда орналасқан “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі жұмысшылар үшін барлық әлеуметтік жағдайды жасап отыр. Балалар-спорт алаңы тұрғызылуда. Жуырда дүкен өз есігін айқара ашты, онда жергілікті өнімдер сатылады.

Серіктестіктің бас директоры Геннадий Зенченко тамшылатып суару жүйесі белсенді түрде енгізіліп жатқанын жеткізді. Майлы дақылдарды өңдейтін зауыт ашу мақсатымен қондырғылар мен жабдықтар әкелінген.

Басты жаңалықтардың бірі – 8 мың басқа арналған сүт фермасы құрылысының басталуы. Бұл елімізде ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен кешен болмақ. Нысанның құны – 9 млрд. теңге. Ферма 7 бөліктен тұрады, тек біреуінде ғана 1,3 мың басқа дейін ірі қара бағылатын болады. “Карусель” сауын қондырғысының өнімділігі өте жоғары, сағатына 700 бас сиыр саууға мүмкіндік береді.  Сүт фермасы 2025 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілмек.

Ғауез Торсанұлы Новоалександровка, Трудовое ауылдарында еңбек ұжымдарымен кездесіп, ауа райының қолайлы күндерін барынша тиімді пайдаланып, егіс науқанын уақытылы аяқтау керектігін атап өтті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp