«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көліміз лайланбасын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар орман шаруа­шы­лығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері “Та­за су көздері” деген атаумен та­биғатты қорғау акциясын өткізу­де. Іс-шара барысында Қызыл­жар ауданын­дағы резервтік су көздері тазар­тыл­ды. Акцияның мақсаты көлдердің экожүйесін сақтау, барлық тіршілік көздері үшін табиғатты таза және қауіп­сіз ету, адамдардың су көзде­рі­не, ихтиофаунаға, тұтастай ал­ғанда қоршаған ортаға деген қам­қорлығын ояту болып табылады. Сонымен қатар көлдерді был­тырдан қалған балық ауларынан тазарту жүргізілуде. Акцияға ор­маншылармен бірге белсен­ділер қатысуда. Қазірдің өзінде екі тон­надан астам тұрмыстық қалдық жиналды.

Дмитрий БУТЕНКО,

“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекттік мекемесінің аңшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp