«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІ БАСШЫ, БЕДЕЛДІ АЗАМАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге сыйлы, ұжымда беделді Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері, “Жарық-2005” ЖШС-ның директоры Нұғманов Мұрат Қабдоллаұлы 1 маусымда 70 жасқа толады.

Мұрат Қабдоллаұлы 1954 жылы 1 маусымда бұрынғы Көк­шетау облысы Қызылту ауданы Қызылту ауылында дүниеге кел­ген. 1972 жылы Рузаев орта мек­тебін бітіргеннен кейін еңбек жо­лын “Уәлиханов” кеңшарында слесарь-моторшы болып бас­тайды. 1978 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институ­тын тамамдап, “агроном-ғалым” мамандығын алып шығады. Жас маман туған ауы­лына келіп, өсімдіктерді қорғау бойынша агроном қызметіне кіріседі. 1982 жылы Рузаев ау­даны “Привольный” кеңшарына агроном болып жіберіледі. 1988 жылы үлкен сенім көрсетіліп, Ру­заев аудандық партия комите­тінің ұйымдастыру бөліміне нұс­қау қызметіне алынады. 1989 жылы “Шарық” кеңшарына бас агроном болып жіберіліп, ди­ректордың орынбасары мінде­тін қоса атқарады. Осы шаруа­шылыққа саналы ғұмырының 35 жылын арнайды. Кеңшарды өн­дірістік кооперативке айналды­ра отырып, бұрынғы қарыздан құ­тылып, банкроттықтан сақтап қалады. Тұрғындардың әлеу­мет­тік жағдайын жақ­сар­туға баса көңіл бөледі.

Бүгінде Мұрат Қабдоллаұлы басқаратын “Жарық-2005” ЖШС – тұрақты дамып келе жатқан мақтаулы кәсіпорындардың бірі. Машина-техника паркі, өн­ді­рістік, әлеуметтік-мәдени объектілер түгелдей жаңартыл­ды. Ауылда орта мектеп, фельдшерлік-амбулаториялық пункт, наубай­ха­на, Мәдениет үйі, кітапхана, асхана жұмыс істейді. Андреев орта мектебінің жылу жүйесін жөндеуге 11 миллион теңге бө­лді. Серіктестіктің қаражаты­на жастар орталығы, хоккей кор­ты, стадион тұрғызылды. Көше­лерін асфальттауға жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Қыс мезгілінде жолдар қардан тазартылып отырады.

Мәдени, спорттық, тағы басқа іс-шараларға қаржы­лық демеушілік жасау дәстүрге айналған. Қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға, жалғыз­ілікті зейнеткерлерге тұрақты не­гізде қолдау көрсетіледі, азық-түлік себеттері жүйелі түрде беріледі.

Мұрат Қабдоллаұлына іс­керлік, зор ұйымдастырушы­лық,  уақытпен санаспай еңбек ету, жауапкершілік, үл­кенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету қа­сиеттері тән. Зайыбы Майпруза Төлегенқызы екеуі – үш бала тәрбиелеп өсіріп, немере-жиендерінің қызығын көріп отыр­ған мейірімді, ұлағатты ата-әже. Қыздары Гүлшат, Салта­нат, ұлы Манат, күйеу ба­лала­ры-келіні – жоғары білімді ма­мандар.

Білікті басшының, тәжіри­бе­лі маманның елге сіңірген көп жылғы еселі еңбегі “Қазақстан Республикасының Тәуелсіз­дігі­не –10 жыл”, “Қазақстан мәс­ли­хаттарына – 20 жыл”, І дәре­желі “Еңбек даңқы”, ІІ дәрежелі “Еңбек Даңқы”, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің “Құрметті ардагер” мерекелік медальдарымен, Ауыл шаруашылығы министрінің, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, “Парыз-2014” республикалық конкурсы­ның “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі” аталымы бо­йынша дипломмен, “Ғабит Мүсі­ре­пов атындағы ауданның құр­метті азаматы”, тағы басқа марапаттармен атап өтілген.

Ел-жұртқа, ауыл-аймаққа сыйлы, беделді, қадірлі ме­рейтой иесіне ұзақ өмір, мықты денсаулық, отбасы, әулет ба­қыты мен қуанышын тілейміз.

Шолпан Салықова,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp