Автокөлік құралдарын ұрлау және оларды заңсыз иелену фактілерінің алдын алу мақсатында 20-23 мамыр аралығында облыс аумағында “Автомобиль” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері гараж кооперативтерінде, көлік жөндейтін шеберханаларда, жөндеу стансаларында, автотұрақтарда, базарларда және дүкендерде ұрланған автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар ұрланған көліктер сатылуы және қосалқы бөлшектерге бөлінуі мүмкін орындарды, көлік құралдарының агрегаттық мәліметтерін өзгерту деректерін анықтауға бағытталды.
Жыл басынан облыста бір автокөлік ұрлығы және көлікті заңсыз иемденудің 11 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта олардың барлығы ашылды.
Иван ТЕРЗИДИ,
облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы.