“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері “Таза су көздері” деген атаумен табиғатты қорғау акциясын өткізуде. Іс-шара барысында Қызылжар ауданындағы резервтік су көздері тазартылды. Акцияның мақсаты көлдердің экожүйесін сақтау, барлық тіршілік көздері үшін табиғатты таза және қауіпсіз ету, адамдардың су көздеріне, ихтиофаунаға, тұтастай алғанда қоршаған ортаға деген қамқорлығын ояту болып табылады. Сонымен қатар көлдерді былтырдан қалған балық ауларынан тазарту жүргізілуде. Акцияға орманшылармен бірге белсенділер қатысуда. Қазірдің өзінде екі тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.
Дмитрий БУТЕНКО,
“Қызылжар орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекттік мекемесінің аңшысы.