«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРЗАН ЖАНАРМАЙ — ДИҚАНҒА ДЕМЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жалпы астық түсімінің үштен біріне жуығын өндіретін Қы­зылжар өңіріне жасаған іс-сапары кезінде бір­қа­тар аудандарды арала­ды.

Агроқұрылым өкілдерімен кездесуде Айдарбек Сейпілұлы егістің оңтайлы мерзімдерін сақ­тау, дизельдік отынның болуы, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мол өнім алудың негізгі шарт­тары екеніне тоқталды. Диқан қауымы тарапынан қо­йылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, ауыл шаруашылы­ғын дамытуға мемлекет тара­пы­нан жасалып жатқан қам­қорлықтар, оның ішінде жеңіл­дікті дизель отынын алудың өзгертілген ережелері туралы тарқатып айтып берді.

“Мен өңірдің бұрынғы бас­шы­сы ретінде ауыл шаруашы­лы­ғы саласының жағдайын жақ­сы білемін. Ауа райының қолай­сыздығына қарамастан теріс­кейлік диқандар ұйымшыл­дық­тың үлгісін көрсетіп келеді. Жақ­сы өнім алудың негізгі фактор­ларының бірі – тұқымды мерзі­мімен жерге сіңіру. 15 мамыр­дан бастап дизель отынын алу­да жаңа ережелер қолданыла­ды. Атап айтқанда, көктемгі егіс және астық жинау жұмыстары­на жеке өтінім берудің орнына рәсімді жеңілдететін бірыңғай өтініш қабылданады. Өтініш беру мерзімі 20 күннен 30 күнге дейін ұзартылды. Отын шығы­ны­ның бірыңғай базалық нор­ма­ла­ры алынып тасталды, енді нормативтер аймақтардың то­пырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып белгіленетін болады”, – деді ведомство бас­шысы.

Бұдан бөлек, ережеде суб­си­дия­ланатын дизель отыны­ның қалдығын пайдалануға бо­латын ауыл шаруашылығы жұ­мыс­тарының қосымша түрле­рінің стандарттары да қарас­тырылған. Өзгерістер шаруа­лардың ұсыныстарын ескере отырып қабылданған.

Дегенмен бірқатар өңірлер­де жанармайға сұраныс күрт арт­қандықтан, жеңілдетілген дизельдік отынның жеткізілуі графиктен кешеуілдеуде. Бүгін­гі күнге дейін барлық қажетті сұраныстың 241,4 мың тоннасы ғана жеткізіліп, 64 пайызы қа­нағаттандырылған. Осыған бай­ланысты жанар-жағармайды кес­теге сәйкес тезірек жөнел­туді қамтамасыз ету талабы қо­йылып отыр.

Есіл ауданындағы егіс ал­қап­тарында өткен кездесулер барысында министр ауыл ша­руашылығы тауарын өндіруші­лердің өзара міндеттемелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша біз агро­өнеркәсіптік кешендегі жалпы көлемді екі есе ұлғайту үшін барлық жағдайды жасауға тиіс­піз. Мен бірінші кезекте биылғы егіс және егін жинау жұмыста­рына 580 миллиард теңге кө­лемінде бағытталған жеңілде­тілген несиені айтып отырмын. Қаржыландыру 3 еседен астам өсті”, – деген Айдарбек Сапаров жеңілдікпен несие 5 пайыз мөл­шерлемемен берілеті­ніне, не­сиені 12 айға алуға болатынына, фермерлерден несиені күзде өтеу міндеті алынып тас­тала­тынына, мұның өзі ас­тық­ты асы­ғыс және тиімсіз ба­ғада сатуға тосқауыл қояты­нына, несиені жабуға жанталас­пайтынына тоқ­талды.

“Даму” қорының кепілдігі шаруашылықтар арасындағы кепілдік тапшылығы мәселесін шешеді. Тыңайтқыштарды, тұ­қымдарды, техникаларды субси­диялау, инвестициялық жоба­ларды қаржыландыру және өзге де қолдау шараларын қолдану мүмкіндіктері мол. Жеңілде­тілген несие мен субсидия алып отырған ауыл шаруашылығы та­уар өндірушілеріне озық тех­нологияларға сүйену, сапалы тұқым мен тыңайтқыштарды пай­далану арқылы өнімділікті арт­тыру талаптары қатаңдатылады.

“Импорттық астық дәстүрлі өткізу нарығымызға түрлі қо­лайсыздықтар тудырып отыр­ғаны жасырын емес. Көрші­ле­рімізде өнімділік жоғары, гектар берекелігі 20-25 центнерден айналады. Бұл жағдай өнім ба­ғасының арзандауына соқтыра­ды. Отандық өнімдер бәсекеге қабілетті болу үшін агроөнер­кәсіп кешенінде түбегейлі жаң­ғыртулар қажет”, – деді министр.

Ауыл шаруашылғы министрі мен облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданға соғып, көк­темгі дала жұмыстарының бары­сымен танысты. Шаруашылық бас­шылармен кездесуде жа­уапты науқанның өзекті мәселе­лері және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

“Азко Пески” ЖШС мал азы­ғын өсіруде тамшы­латып суару тәжірибесін қолда­нады. Серік­тестік директоры Владимир Ко­валенко Раисовка елді мекенінің гүлденуіне, тұр­ғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Құрметті қонақтар Прези­дент­тің бастама­сымен қолға алынған “Таза Қазақстан” рес­публикалық акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты.

Ғауез Торсанұлы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, жа­ңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Мағжан Жұмабаев ауда­нын­да “Пальчик ЖК” сүт зауытының озық қондырғылары танысты­рыл­ды. Ал жеке кәсіпкер Свет­лана Карабанова ешкі ферма­сын ашқан. Мұнда йогурт, бал­мұздақ, ірімшік өнімдері шыға­рылады.

Министр мен облыс әкімі “Нүрсен Агро” және “Полудин­ское” шаруашылықтарының егістіктерін аралап, жергілікті астық өндірушілермен кездесу өткізді.

Өңір басшысы көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізудің, ауылдарды әлеуметтік қолдаудың маңызын, сонымен қатар су тасқынының салдарын жоюға, бүлінген инфрақұрылым­дарды қалпына келтіруге жеке­леген кәсіпкерлердің қомақты үлес қосқанын атап өтті.

“Олардың қатарында “Зен­ченко және К”, “Ноғайбай”, тағы басқа 360-қа жуық агроқұры­лымдар мен кәсіпорындар бар. Қиын-қыстау кезеңде жұдырық­тай жұмылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген сол­түстікқазақстандықтарға алғы­сымыз шексіз”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Шал ақын, Есіл ауданда­рын­да қаржы институттары маман­дарының қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге, қайта өңдеу өнімдерінің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту, субси­диялау мәселелері талқылан­ды. Алға қойған міндеттерді орындау мақсатымен Жол карта­сы әзір­леніп, нақты көрсеткіштер бел­гіленген.

Биыл көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарына алғаш рет 5 пайыз жеңілдікпен 400 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қа­ражат бөлініп отыр. Несиелер “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша қарастырылып, “Аг­рарлық несие корпорациясы” АҚ филиалдары, несие серіктес­тіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыры­лады. Бүгінгі таңда 600-ден ас­там шаруа қожалығы 46,6 млрд. теңгеге өтінім берген, бұл 425 мың гектар егіс алқабын несие­мен қамтуға мүмкіндік береді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp