«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ӘЗІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі қызыл судың арыны қайтқанымен, әлі де өзектілігін жоймаған мәселелер баршылық. Қазіргі уақытта су тасқынының ауыр зардаптарын шұғыл түрде жоюдың, одан зиян шеккен от­басылардың шеккен шығында­рын өтеу, жайлы баспанамен қамтамасыз ету, инфрақұры­лым­­дарды жөндеу жұмыстары кешенді түрде атқарылуда. Осы­нау бүкілхалықтық шаралардың бел ортасында құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері де жүр. Адамдарды қауіпті аймақ­тардан эвакуациялауға, ықти­мал қылмыстардың алдын алуда аумақтық патрульдік топтар жан-жақты жәрдемдесті. Олардың қатарында облыстық мамандан­дырылған күзет қызметі басқар­м­а­­сы алдыңғы шептен көріне біл­ді. Күн сайын кезекшілікке шы­ғып отырды. Заречный кенті бойынша қиындыққа душар бол­ған тұрғындарды эвакуация­лау­ға, сондай-ақ “Birgemiz” еріктілер ұйымымен бірлесіп, Қызылжар ауданы Тепличное ауылының ау­мағында бөгетті нығайтуға бел­сене қатысты. 1-ші және 2-ші по­ли­ция батальондары басқару ап­паратының қызметкерлері мен жеке құрамы Мағжан Жұмабаев ауданына азық-түлік пен киім-кешек жеткізуге жәрдемдесті. Ба­тальон командирінің орынбаса­ры, полиция майоры Ж.Көбеев кезекті еңбек демалысында жүр­геніне қарамастан зардап шек­кендерге көмек қолын созды. Бас­қарма қызметкерлері стратегиялық объектілерді бақылап, ықтимал төтенше жағдайлардың ал­дын алып отырды.

Су тасқынынан кейін қаланы тазартып, қалпына келтіруге кірі­сіп кетті. “Таза Қазақстан” рес­публикалық экологиялық акциясы аясында үйлерді абаттан­дыруға және сенбіліктерге қа­тысты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp