«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақтың рухы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл суретпен қалың қазақ әлі таныса қойған жоқ. Себебі Алаш арысы Әлихан Бөкейханның жарқын бейнесін сақтаған жәді­гер жақында ғана табылды. Фото Ре­сейдің Омбы мемлекет­тік тарихи өлкетану мұражайы­ның Орыс императорлық геогра­фиялық қо­ғамы Батыс Сібір бө­лімі қорында сақталып келген. Сурет табыл­ған папкада фотоға “Алиханъ Букейхановъ. Павло­даръ, 1908” де­ген анықтама берілген. Құнды жә­дігерді тауып, көшірмесін “azattyq.org” сайтына жарияла­ған – Сұлтанхан Аққұлы.

Алаш арыс Міржақып Дула­товтың қызы Гүлнар Дулатова бір естелігінде Әлихан Бөкейхан­ның мына жазбасын келтіреді:

“Қамауға аларда бас-ая­ғымды қалдырмай тінтіп шы­ғып, со­ңынан қолымдағы портфелімді алғандарына қатты абыржып қал­дым, оның ішінде Абайдың бас­паханаға өткізейін деген қол­жазбасы болатын. Түрмеде өзім­ді қанша ұстап жазаласа да маған бәрібір, тек “Абайым” сақ­талса екен дегеннен басқа ойы­ма ешнәрсе кірген жоқ, тек арыз арқылы соны естеріне салдым. Ал кісі түрмеде қарап отыра алу­шы ма еді, қолыма алған еңбекті аударып тастайын деп жұмысқа кірісіп кеттім. Мезгілдің қалай тез өткенін байқамай қалыппын. Бір күні түрме бастықтары келіп: “Сіз, Бөкейханов мырза, абақты­дан босатылдыңыз, жолыңыз ашық, шығыңыз” дегенде, мен: “түрмеден әзір шықпаймын, жұ­мысымды бітіргенім жоқ, біраз күн отыра тұрайын”, дегенімде, әлгілер сенер-сенбесін білмей: “Это Ваше дело, пусть будет так” деп шығып кеткен еді”.

Әлиханның 1937 жылы Мәс­кеудегі тергеушілер мен сотта айтқан мынандай сөздері бар:

1) Қазақтың буржуазиялық зиялылары мені “ұлт көсемі” деп атады.

2) Мен қазақ халқын Совет би­лігіне қарсы күреске бастадым.

3) Мен ешқашан Совет өкі­метін сүйген емеспін, бірақ мойын­дадым.

Үшіншісі – ақтық сөзі! 1937 жылдың 27 қыркүйегі күні 11:00 мен 11:20-ның арасындағы сотта айтыпты. Алаш арысын атуға үкім шығаруға небәрі 20 минут жұмсалған.

Сержан Нұртолқынұлы,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp