«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамырдың 18-19 аралығында көпбейінді облыстық аурухана базасында жамбас көктамыр толыққанды синдромы кезінде созылмалы жамбас ауырсынуын диагностикалау және емдеу бойынша шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатына акушер-гинекологтар, ангиохирургтар, рентгенологтар, урологтар және ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері қатысты.

Шеберлік сағаты теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрды. Теориялық бөлім аясында Қазақстан мен шетелдің дәрігерлері озық тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлім көпбейінді облыстық аурухананың ультрадыбыстық диагностика және ангиографиялық кабинетінде ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен гинекологтардың қатысуымен өтті. Шеберлік сағаты және МӘМС пакеті аясында 3 пациентке ота жасалды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp