Елімізде футболдан жаңа турнир бастау алды. Лига кубогы деп аталатын жарысқа бірінші және жоғары лига командалары қатысуда.
Аталған турнирде қазақстандық клубтар бірнеше топқа бөлінген. Жерлестеріміз “А” тобында өнер көрсетуде. Солтүстікқазақстандық аяқ-допшылар алғашқы кездесуін “Тараз” командасына қарсы ойнады.
Биыл бірінші лигада ойнап жүрген тараздық футболшылар петропавлдық клубқа лайықты қарсылық көрсетті. Кездесу барысында алғашқы болып “Тараз” сапынан Абзал Мұқанбетжанов 13-минутта есеп ашты. Одан кейін “Қызылжардан” Борис Цмилянич 58-ші, Ұлар Жақсыбаев 90-шы минутта гол салды. Осылайша петропавлдық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, аталған турнирді жеңіспен бастады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.