«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауаны ластау азаймай тұр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында ауаға тарала­тын ластаушы заттардың үлесі 33,7 пайызға ұлғайғаны айтылды. Оның 70 пайыздан астамы “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ға тиесілі.

“Аққайыңдар өлкесі” атала­тын Қызылжар өңірінің ауасы таза дегенді жиі естуші едік. Себебі бізде ауаға түрлі зиянды қалдықтар тарататындай ірі өнер­кәсіп орындары жоқ. Деген­мен соңғы жылдары саф ауа­ның сынын кетіретін зиянды зат­тар­дың үлесі артып барады. Тиісті сала өкілдерінің сөзі­не сүйенсек, өткен жылы “СЕВ­КАЗ­ЭНЕРГО” АҚ жылу және электр энергиясын өндіру үшін 2 млн. тоннадан астам Екібастұз кө­мірін және 3,5 мың тонна ма­зут жаққан. Салдары­нан кеңістікке 24,6 мың тонна қалдық та­раған. Бұл бұрынғы жылдарда­ғы көрсекіштен әжеп­тәуір көп.

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қор­ша­ған ортаны қорғау басқарма­сының басшысы Николай Мак­си­мов 2023 және 2022 жылдар­ды салыстырғанда айтарлықтай өсім бар екенін растады. Көр­сеткіш 18,39 мың тоннадан 24,6 мың тоннаға дейін немесе 33,7 пайызға ұлғайған. Бірақ мұның да өз себебі бар.

– Былтыр жылу және электр энергиясын өндіру көлемі арт­ты. Мысалы, электр энергиясы 43,8 пайызға көп өндірілді. Тиі­сінше, атмосфераға тарал­ған лас­таушы заттардың үлесі кө­бей­ді. Қазіргі таңда компания та­рапынан тиісті жұмыстар жүргі­зіліп жатыр, – деді Николай Мак­симов.

Өндірістік экологиялық ба­қы­лау аталған компанияның бар­лық объектілерде жүзеге асы­рылады. Өткен жылдан бас­тап №3 түтін мұржасына мо­ниторингтің автоматтандырыл­ған желісін енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж, іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталған. Желінің деректерді беру жолын жүйелендіру үшін Smart Bridge тұғырнамасына қосылған. Бұл тұ­ғырнама қажетті ақпарат­тар­ды қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық деректер банкіне беру үдерісін жүзеге асырады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp