«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІР БАҒАНДАР ОРНАТЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов №2 Петропавл жылу электр орталығында (ЖЭО) болып, жылыту маусымына дайындық мәселесіне арналған жиын өткізді. Басқосуда осы салаға жауапты мекеме басшыларының есебі тыңдалды.

Биыл электр желілерін қай­­та жаңарту және жабдық­тар­ды ауыстыру үшін 2,8 млрд. теңге қарастырылған. Көктемгі су тасқыны кезінде жарты мыңға жуық электр ба­ғаналары қирап, 54,1 шақы­рым электр желісі істен шық­қан. Келтірілген шығын мөл­шері 2,7 млрд. теңгеге жуық. Су тас­қынының ерекшелік­тері еске­рі­ліп, 200-ге жуық бе­ріктігі жо­ғары металл бағана­лар орна­тылды. “Солтүстік Қа­зақстан электр тарату ком­паниясы” АҚ бас директоры Александр Чекулаевтың баян­­дауынша, тұтынушы­лар­ды электр энер­гиясымен қам­тамасыз етуге, электрмен жаб­дықтау схе­маларын қал­пына келтіруге, яғни ин­вести­циялық бағдар­ла­маларға 565 млн. теңге қа­растырыл­ған. Жөндеу жұ­мыс­тарын 15 қарашаға дейін аяқтау бел­гіленген.

Жиында өңірдегі жылу желілерінің 77,5 пайызының тозығы жеткені айтылды. Оның ішінде магистральдық желілер – 82,7, тарату желі­лері 68 пайызды құрайды.

“Электриктер Қ.Сәтпаев кө­ше­сі бойындағы №3 жылу ма­гистралінің 300 метрін қайта жа­ңартпақ. Оның 1,2 шақырым­дық учаскесінде жөндеу жұ­мыс­тары аяқталды. Ружейни­ков көшесіндегі №6 жылу ма­гистралін қалпына келтіру биыл басталып, 400 метрі, 2026 жылы 1,3 шақырымы ауыстырылмақ. Жыл аяғына дейін №1 сорғы ғимараты жөнделіп, жаңа сорғылар орнатылады.

“Севказэнерго” АҚ бас директоры Анатолий Казановский 20 маусым-5 шілде аралығында №2 түтін құбырын тексеру жұмыстары жоспарланғанын, оның қорытындысына сәйкес кемшіліктер анықталса, шұ­ғыл түрде шаралар қолданыла­тынын жеткізді. Бір қазандық пен екі турбоагрегат жөнделуде. Бұдан бөлек, бір қазандық пен турбоагрегат қайта жаңғыртылады. 401 шақырым электр желісі және 18 қосалқы станция жөнделеді. Алдағы жылыту маусымында облыс орталығын 2 мұржа жылумен қамтамасыз ететін болады. Инфрақұры­лымды дамытуға, оның ішінде ауылдардағы тозығы жеткен электр желілерін жаңалауға несиелік қаражат тартылмақ. Аталған жылу компанияла­рын­да бос жұмыс орындары екі жүзден асады.

Кеңесті қорытындылаған өңір басшысы жауапты мемле­кетт­ік органдарға құрылыс-жөн­деу жұмыстарының сапа­сын, алдағы жылыту маусымының үзіліссіз жұмыс істеуін, ма­мандардың еңбекақысын кө­теру жайын қатаң бақылауға алу­ды тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp