«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тіл – ұлттың мінезі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада “Тіл – ұлттың мінезі” атты кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ әдебиеті шығармашылығын насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың рухани дамуына, патриоттық тәрбиесіне ықпал ету.

Шарада облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Сағындық Салмұрзин, тілдерді оқыту орталығының маманы Жанат Оралов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жазира Қошанова, әскери академияның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің офицері Самал Есімсейітова, облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина баяндама жасап, ой бөлісті. Шара шымылдығын “Теріскей” ансамблінің жетекшісі Жеңіс Тәжібайұлы ашып, академия курсанттары өлең оқыды.

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Ана тілі – жүректің үні, ұлттың рухы, абыройы, болмыс-бітімі туған тіліміздің өсіп-өніп, өркендей беруі, тамырын терең жайып, мәңгі құламайтын бәйтерекке айналуы, шын мәнінде өз тұғырына көтеріліп, қоғамымыздан лайықты орнын алуы үшін күресуден асқан абыройлы міндет жоқ.

Шара барысында көрме ұйымдастырылып, онда тарих, мәдениет,тілге байланысты материалдар ұсынылды. Іс-шара соңында қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp