Ақмола облысының 20 және 17 жастағы екі тұрғыны синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде үш айдай жұмыс істеген. Полицейлердің ақпараты бойынша жігіттер Петропавл қаласына аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Осылай кезекті рет келгенде жедел уәкілдер оларды Рига көшесінде қолға түсірді. Жеке тексеру және жалға алған пәтерлерін тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон мен түйіншектерге, пакеттерге, тіпті ас үйдегі ыдысқа салынған 358 грамнан астам α-PvP есірткісі тәркіленіп алынды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмнан асқан.
Кәмелетке толмаған күдікті үйқамақта отыр, ал үлкені күзетпен қамауға алынды. Екеуі де 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.