Мамыр айында облыста 52 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Соңғы дерек осыдан үш күн бұрын Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында тіркелді.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері жоспарлы ветеринарлық шаралар аясында өңірдің алты ауданында бруцеллездің 244 дерегі белгілі болған.
– Биыл Айыртау ауданында – 77, Ақжарда – 20, Аққайыңда – 15, Қызылжар ауданында – 129, Тимирязевта – 1 және Уәлиханов ауданында 2 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Бүгінгі таңда Ленинское және Докучаево ауылдарында шектеу шаралары енгізілді, – дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.