«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болып, кәсіп­орындардың жұмысымен танысып, егіс науқанының барысын бақылады. “Sau­malkol Sut” серіктестігі ірімшік өндірісіне арналған цехті жаңғыртып жатыр. Нәтижесінде жылына 450 тонна ірімшік өнімдері шығарылмақ.

Өңір басшы “Таза Қазақ­стан” акциясы аясында ауыл­дарды абаттандыру жұмыста­рын көріп, өртке қарсы күреске арналған шараларды тексерді. Сонымен қатар аудан тұрғын­дарымен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, балаларды қолдау орталығы мен Константиновкадағы мек­теп­те күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілуде. Ауданда сумен қамту мәселесі де ше­шілуде. Шалқар мен Антоновка ауылдарында локалды су жүйе­сі мен тарату желілері салынып жатыр. Соңғысында 437 үй су құбырына қосылмақ.

“Агро Елецкое” ЖШС 400 гек­тарда тамшылатып суару жобасын жүзеге асырып, оның аума­ғын 1 мың гектарға жеткіз­бек. Оған қоса, 10 мың тонналық жа­ңа көкөніс сақтау қоймасын са­лып жатыр. Оның қуаттылы­ғын 35 мың тоннаға дейін жет­кізу көз­делген. Бұл шаруашы­лықта қа­зіргі заманғы техноло­гиялар ен­гізілуде, нақты уақыт режімінде дала жағдайында топырақ па­ра­метрлерін көрсететін цифр­лық анализатор қолданылуда.

Облыс әкімі тарихи мекен – Айғаным қонысында болып, ту­ризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер­мен кездесу өткізді. Мемлекет Имантау-Шалқар ку­рорттық ай­мағын инфрақұры­лыммен қам­тамасыз етіп, ин­весторлар үшін тартымды жағ­дай жасауда. Жыл бойы жұмыс істейтін эко­қо­нақ үйлерді, глэм­пингтер мен автокараванингті дамыту үшін курорттық аймақ­тағы инвестор­ларға 19 жер учас­кесі берілген. Бұл курорт­тық аймаққа турис­тер ағынын екі есеге өсіруге мүм­кіндік береді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp