«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тайынша спорты табысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Тәні саудың – жаны сау”, – дей­ді халқымыз. Бірақ тән саулығы өзінен-өзі келмейді. Адам бала­сы саламатты өмір салтын ұста­нып, спортпен айналысып, сер­гек қалпын сақтауы үшін мемле­кет тарапынан қолдау, үгіт-насихат керек. Біздің ауданы­мызда бұл бағытта қыруар жұ­мыс атқарылып жатыр.

Тайынша ауданында 198 спорттық нысан бар. Оларда 93 ұжым жаттығады, оның ішінде 70-і ауылдық жерде орналасқан. 51 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 16-сы олимпиадалық, 12-сі олимпиадалық емес, 9-ы ұлт­тық және 14-і мүгедектерге ар­налған спорт түрлері.

Соңғы жылдары салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары артты. Статистикалық мә­ліметтерге сүйенсек, ауданда дене шынықтырумен 17 мыңға жуық адам айналысады. Осы жылы халықты спортқа тарту мақсатында облыстық және ау­дандық деңгейдегі жарыстарды өткізуге қомақты қаражат бөлін­ді. 8 млн. 229 мың теңге жергі­лікті маңыздағы сайыстарға бе­рілсе, өңірлік сындарды ұйым­дастыруға 14 млн. 408 мың тең­геден астам қаржы қарастырыл­ған. Тайыншада тұрғындарға ар­налған түрлі үйірмелер жұмыс іс­тейді. Әсіресе ауыл азаматтары арасында волейбол, баскет­бол, футбол, қазақ күресі, еркін және грек-рим күресі, футзал, ауыр атлетика, допты және шайбалы хоккейге қызығушылық жоғары.

“Солтүстік” пен “Ақ бидай” ойындарында командалық есеп­те тайыншалықтар үнемі жетістіктерге жетіп жүр. Мәсе­лен, өткен жылы аудан тұрғын­дары халықтық спорт ойында­рының бес спартакиадасына қатысты. Олардың қатарында “Сол­түстік” өңірлік жарысы, “Үміт” мүмкіндігі шектеулі жан­дар сыны, “Қызылжар” ұлттық спорт түрлері, “Ақ бидай” жазғы спорт мерекесі мен “Жастар” спартакиадасы бар.

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бү­гінгі күнде өзінің өзектілігін жо­ғалтпаған ұлттық спорт ойында­рына деген қызығушылық жоға­ры. Әсіресе көкпар, тоғызқұма­лақ, асық ату сынды ойын­дар жастар арасында кең тараған. Бір ғана көкпар ойынын алсақ, бұл спорт түрінен аудан құрамасы жасақталған. Спорт­шыларымыз жыл сайын облыс­тық жарыста бақ сынайды. Әзір­ге командамыз биік белестерді бағындырған жоқ. Десе де ал­дағы уақытта өңірлік сайыс­тарда топ жаратынына сенімді­мін.

Спортты дамытуға аудан бас­шылығы тарапынан көп көңіл бөлінеді. Өткен жылы Чкалово ауы­лында екі шағын футбол алаңы тұрғызылды. 2021 жылдың тамызында Тайынша қаласын­да заманауи жабық хоккей кортының құрылысы басталып, 2023 жылы аяқталды. Бұл әрине, қысы алты айға созылатын өңір үшін қажет нысан екені дау­сыз. Ғимаратты салуға 187,6 млн. теңге бөлінгенін атап өткен жөн.

Биыл спорт саласына 500 млн. теңгеден астам қаражат бө­лін­ді. Бүгінгі таңда қомақты со­маға Большой изюм ауылында футбол алаңы тұрғызылып, Тайын­ша қаласындағы стадион күрделі жөндеуден өтуде. Мем­лекеттік қолдау мен жеке кә­сіпкерлердің көмегімен Келлеров­када дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғызылуда. Нысан шілде айында халық игілігіне бе­рілмекші.

Мемлекет тарапынан көрсе­тілетін қолдаудың арқасында Тайыншада бұқаралық спорт да­мып келеді. Аудан орталығында ғана емес, шағын ауыл­дарда да спорт кешендері тұрғызылуда, бұл талантты атлетте­рімізді жаңа жеңістерге бастайды деген ойдамын.

Ержан ЖҰМАБАЕВ,

Тайынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp