«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРАМСЫЗ ҮЙЛЕР СҮРІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған тұрғындардың кейбірі жаңа пәтерлерге көшіп үлгерді. Ал олардың апатты деп танылған үйлері сүріле бастады.

Бүгінгі таңда Петропавл­дағы Ойқалада үш ауданнан келген механикалық бригада­лар жұмыс істеп жатыр. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның құрылысшылары табиғи апаттың салдарымен күресіп жүр. Оларға бекіткен аумақта 198 жеке тұрғын үй бар. Соның 137-сі апатты деп танылған. Ал тұруға жарамды баспаналарды мамандар жөндеуге кіріскен. Жөндеуге жарамды үйлердің барлығы бағалаудан өткен.

Сонымен қатар апатты деп танылған үйлер сүріліп, бұл баспаналардың бұрынғы иелері әкімдік тарапынан жаңа пәтердің кілтін алып үлгерген.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp