Футболдан ел біріншілігінің 10-шы турында “Қызылжар” клубы өз алаңында семейлік “Елімай” командасын қабылдады. Бұл ойында жеңімпаз анықталмады.
Бірінші таймда екі команда да есеп аша алмады. Кездесудің екінші бөлімінде жерлестеріміз алға шықты. Матчтың 63-ші минутында Юрий Бушман бірінші голдың авторы атанды. Араға 10 минут салып, “Елімай” командасы таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 1:1.
10-шы турдан соң “Қызылжар” клубы турнирлік кестенің 10-шы сатысына жайғасса, қарсыластары – “Елімай” 4-ші орынға көтерілді. Әзірге көш басында “Ақтөбе” командасы келеді. Олардың еншісінде 18 ұпай бар.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.