«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шаңырақтың шырқын бұзғандар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің өскенін атап өтті. Бұл осындай құқық бұзушылықты тіркеудің анықтау сипатына көшумен байланысты болып отыр.

Заңнамадағы өзгерістерге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркеу үшін жәбірленуші тараптың ары­зы енді міндетті шарт болып та­был­майды. Полицейлер өздері­не белгілі болған әрбір жағдай­ды тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды.

Жыл басынан бері тұрмыс­тық салада 1202 құқық бұзушы­лық тіркелді, ал өткен жылдың осы кезеңінде 823 факті анық­талды.

Елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша тәулік бойы республикалық “қауырт желі” – “111” телефоны жұмыс істейді. Облыстық полиция де­партаментінің тәулік бойы жұ­мыс істейтін 102 арнасына да қо­ңырау шалуға болады.

Александр РОЗБАХ,

жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp