«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қуаныштың күлкісі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 маусым – Халықаралық ба­лаларды қорғау күні мерекесін Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ұланының академиясы да ерекше үлгіде тойлап, әскери қызметшілердің балаларына қуаныш сыйлады.

Кішкентай қонақтарға әскери техника мен қару-жарақтар таныс­тырылып, аниматорлар мен ака­де­мияның көркемөнерпаздар үйір­месінің ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. Сурет, өлең және мәнерлеп оқу бай­қауынан оза шапқан жас жет­кін­шек­терге академия басшы­сы­ның атынан мадақтама қағаздар табыс етілді.

– Балалар – біздің басты құн­ды­­лы­ғымыз. Осындай іс-шараларды ұйымдастырудағы мақса­тымыз – балаларды ерлікке, отансүйгіш­тікке баули отырып, олардың бо­йына адам­гершілік қасиеттерді қалыптасты­ру, – деді Ұлттық ұлан академиясы басты­ғының тәрбие және әлеу­мет­тік-құқықтық жұ­мыстар жөнін­дегі орынбасары, пол­ковник Ерден Балғым­баев.

Концерттік бағдарлама соңы ән-бимен жалғасын тапты. Ани­ма­торлар балаларды ортаға шақы­рып, қызықты ойын ойнатты. Бел­сенді бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етілді.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp