«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заң талаптарын өрескел бұзған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талдау аясында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтады.

Петропавл қаласының тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы бөлімінің лауазымды тұлғалары заң талаптарын бұза оты­рып, 3,6 млрд. теңгенің мем­лекеттік сатып алуын жүргізген. Құжатта мекенжайлар, атқары­латын жұмыстың көлемі көрсе­тілмеген.

Шал ақын ауданының эко­номика және қаржы бөлімі заң талаптарына қайшы, мекенжай мен жұмыс көлемін көрсетпей аулаларды асфальттау бойынша сомасы 57,8 млн. теңгеге са­тып алу жүргізген.

Есіл ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бө­лімі сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн. теңгеге көмір сатып ал­мақ болған.

Қазіргі уақытта қадағалау органының араласуынан кейін бұл мемлекеттік сатып алулар жойылды, кінәлі лауазымды тұлғаларды заң бойынша жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.

Жалпы жыл басынан бері про­курорлар бұл салада 20 мем­лекеттік сатып алуды жойып, нәтижесінде 7,1 млрд. теңге бюд­жет қаражатының негізсіз жұм­салуына жол бермеді.

Заң бұзушылықтар бойынша 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, олардың 4-і жұмыстан босатыл­ды және үшеуіне қызметтеріне сай еместігі туралы ескерту берілді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp