Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында облыстық полиция департаменті аппаратының және Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері “Рәміздер – рухымыз” тақырыбында өткен интеллектуалдық-саяси панорамаға қатысты.
Іс-шараны облыстық полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімі И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырды.
Жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы туралы мәлімет айтылды. Содан кейін шара интеллектуалдық ойынға ұласты. Үш командаға бөлінген тәртіп сақшылары Конституция, ел тарихы, Отанымыздың адал перзенттерінің өмірі жайлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.
Қатысушылардың бәрі ел тарихын жетік білетіндігін, зеректігін көрсетті. Нәтижесінде Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері топ жарып, жеңімпаз атанды.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.