«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтқарушылар дайын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде “Жер-2024” республи­ка­лық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар қыз­меті жер сілкінісі кезінде адамдар­ды эвакуациялау, апат болған ай­мақтарға көмекті тасымалдау, ті­зімге алу және жарақат алғандар­ға алғашқы медициналық жәрдем беру әрекетін екі күн бойы Аққайың ауданында пысықтады.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында арнайы маман­дар алдымен темір жол платфор­масында тактикалық-арнайы тиеу жұмыстарын жүргізді. Себебі тө­тенше жағдайдың салдарын жою үшін ресурстар мен техниканы жедел жұмылдыру және осы ба­ғытта мамандарды даярлау – оқу-жаттығуда қамтылу керек негізгі міндеттердің бірі.

– Оқу-жаттығу кезінде облыс­тан Алматы қаласына ар­найы күш пен керек-жарақ жөнел­тілмек. Қа­зір тактикалық тиеу жұ­мыста­ры­нан бөлек, деректерді пы­сықтау да басты назарда. Апат болған өңірлерге арнайы көмекті жі­беруге сақадай сай болуымыз ке­рек, – де­ді облыстық төтенше жағ­дайлар де­партаменті бастығының орын­ба­сары Мұрат Қанғожинов.

Республикалық оқу-жаттығу үшін 52 адам мен 25 техникадан тұратын 14 арнайы топ құрылған. Олардың қатарындағы инженер­лік қызмет, байланыс, транспорт, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары кез келген жағдайға дайын.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp