«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Артериялық гипертония: нені білу керек?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ересектер арасында ең көп таралған созылма­лы жүрек-қан тамырлары ауруының бірі – ар­териялық гипертония. Қимыл-қозғалыстың аз­дығы, зиянды тамақтарды тұтыну салдарынан бұл дертке шалдыққандар саны артқан.

Артериялық гипертония не­ме­се артериялық гипертензия – артериялық қан қысымының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде сынап өлшемімен 140/90 мм дейін және одан жоғары көтерілуі. Сырқаттар­дың 90 пайызында дерттің пайда болуына не себеп екенін анықтау мүмкін емес. Бірақ бізге гипертонияның дамуына әсер ететін факторлар белгілі, олар – зиянды әдеттер, эмоционалдық стресс, жынысы мен жасы, артық дене салмағы. Әр артық кило­грамм қысымды орта есеппен 1-3 мм дейін арттырады. Артерия­лық гипертензияның пайда болу қаупі толық адамдарда 2-6 есе жоғары. Ал 5 пайызында ауру­дың өршуіне не себеп болғаны белгілі, мәселен, бүйрек ауруы гипертонияға әкелуі мүмкін.

Дертпен күресте ең бірінші өмір сүру салтын қайта қараған жөн. Ең бастысы зиянды әдет – темекі шегуден бас тартқан аб­зал. Темекі шегу қан қысымының 10-30 мм дейін жоғарылауына әкеліп соқтырады.

Аз қозғалатын, кеңседе көп отыратын адамдарда дене шы­нықтырумен айналысатын адам­дарға қарағанда артериялық гипертонияның даму ықти­мал­дығы 20-50 пайызға жоғары.

Артериялық гипертонияға қарсы препараттарды өмір бо­йына ішуге тура келеді. Қан қы­сымы дұрысталса да емді тоқ­татуға болмайды. Дәрі ішуді тоқтатқан жағдайда қайтадан қан қысымы көтеріліп, инсульт, инфаркт алу қаупі артады.

Артериялық гипертензия ке­зінде адамның көбінесе желке тұсы ауырады, басы айналады, көзінің алдында қара дақтар пайда болады, ұйқысы бұзылып, жиі оянуы мүмкін. Бұ­дан бөлек, мазасы кетіп, ашулан­шақтық, шаршау, депрессиялық көңіл күй пайда болады. Көру қабілеті бұзылып, жүрек тұсы ауырсынуы мүмкін.

Қан қысымының күрт жоға­рылауына кейде ішкі дағдарыс әсер етеді. Сондай-ақ жүйкеге психикалық немесе физикалық шамадан тыс жүктеме, ауа райының өзгеруі, метеосезімтал жандарға магниттік дауылдар, қан қысымын төмендететін кей­бір дәрі-дәрмектерді шамадан тыс қолдану, алкогольді ішімдік­терді тұтыну, түнде тамақ ішу, қан қысымының жоғарылауына ықпал ететін заттар бар тағам­дар­ды немесе сусындарды тұты­ну – көп мөлшерде кофе ішу, шоколад, ірімшік, уылдырық және т.б. жеу қан қысымын көтеруі мүмкін.

Сондықтан артериялық ги­пертензия кезінде диеталық ұсыныстарды сақтаған жөн. Ең алдымен, артық дене салмағын қалыпқа келтіруге, қалыпты сал­мақта – липидтер алмасуының бұзылуын түзетуге бағытталуы керек.

Артериялық гипертензия ке­зінде ас тұзын тұтынуды шектеу өте маңызды, өйткені бұл қан тамырларының қабырғала­рында натрий тұздарының жи­налуы қан айналымына зиянды әсер етеді.

Тамырлардың қабырға­ла­рында түзетін холестерин мен басқа липидтердің деңгейін тө­мен­детуге тырысу керек. Тамыр­лардың қабырғаларын нығайту үшін С дәрумендері мен рутинді, минералды заттар – кальций мен магнийді де тұтыну маңыз­ды.

Артериялық гипертензия ұзақ уақыт дұрыс емделмеген жағдайда асқынып, инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы, көзге қан кету, өкпенің ісі­нуі, деменция, жүрек, бүйрек жет­кіліксіздігі сияқты ауруларды ту­дыруы мүмкін.

Станислав ГИРИЧЕВ,

“Денсаулық” жеке коммерциялық емес емханасының кардиолог дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp