Облыс орталығындағы колледждердің бірінің студентін полиция қызметкерлері өткен жылдың қараша айында ұстаған болатын. Ол есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде жұмыс істеген. Жеке тінту кезінде жасөспірімнен 50 грамм болатын аса ірі көлемдегі “α-PvP” есірткісі тәркіленді.
Соттың үкімі шығарылған кезде ол 18 жасқа толмаған еді. Осыны ескере отырып, сот жазаны қысқарту туралы шешім шығарды. Соған қарамастан ол жастық шағының бес жылын бас бостандығынан айыру орындарында өткізеді. Үкім заңды күшіне енді.
Әсет ҚАНАФИН.