«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЙЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министр Олжас Бек­тенов өңірімізде жұмыс са­парымен болып, су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу жұмыстарын тексерді.

Олжас Бектенов Петропавл қаласындағы “Бірлік” шағынауда­нын­да жаңадан бой көтерген үйді аралап, жаңа баспана кілтін ал­ған отбасы мүшелерімен әңгіме­лесіп, ауқымды су тасқынының салдарын жоюда түсіністік таны­тып, көмектескені үшін тұрғын­дарға алғысын білдірді. Құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын үйдің сапасы, сондай-ақ су тасқынынан кейінгі кезеңде тұрғындарды қолдау мәселесі талқыланды.

“Президент Қасым-Жомарт То­қаев су тасқынынан зардап шек­кен азаматтардың барлығы­ның бас­панасын қалпына келтіру мә­селесін ерекше бақылауда ұс­тап отыр. Солтүстік Қазақстан об­лысы қаладағы су басқан шағын­аудан тұрғындары үшін үйлердің құры­лысын алғашқылардың бірі болып аяқтады. Біздің басты мін­детіміз – зардап шеккендердің барлығын суық түскенге дейін үй­леріне көшіру”, – деп атап өткен Үкімет бас­шысы әкімдікке іргелес аумақты абаттандыруды тап­сырды.

Салынып жатқан құрастыр­малы-қалқанды үйлердің сапа­сы мен технологиясына ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 100-ден астам учаскеде іргетас қаланып, конструкциялар құрас­тырыла бастады, сонымен қа­тар сумен жабдықтау жұмыста­ры жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ сапар барысында Олжас Бектенов қалпына кел­ті­руге жататын үйлерді жөндеу жұ­мыстарымен танысты. Солтүс­тік Қазақстан облысы – су тасқы­ны салдарын жоюға механикаландырылған бригадалар тар­тылған жалғыз өңір. Мәселен, тек Ойқала шағынауданында 1133 үй су басу аймағында бол­ды, оның 309-ы жөндеуді қажет етеді. Жұмыстарды 24 мехбри­гада кезең-кезеңімен орындап жатыр. Қазіргі таңда едендерді ауыстыру, қабырғаларды сылау, гипс қатыр­масын төсеу жұмыстары жүргізі­ліп жатыр. Сонымен қатар Үкі­мет басшысы меншік иелері өтемақы түрінде төленген қара­жатқа өздері жөндеу жұмыста­рын жүргізетін жеке тұрғын үйге барды. Олжас Бектенов Үкімет­тің негізгі міндеті – барлық эва­куацияланған тұрғындарды өз үйлеріне қайтару екенін атап өтті, бүгінде 64 мың адам өз үй­ле­рінде тұрып жатыр.

Қазақстанның зардап шек­кен өңірлерінде бүгінде 841 от­ба­сы қираған тұрғын үйлерінің орнына жаңа үйлер мен пәтер­лер алды. 1825 жаңа үй салы­нып жатыр. 4521 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды.

(Үкімет басшысының Қызылжар өңіріне жасаған жұмыс сапары туралы толық ақпарат газетіміздің алдағы нөмірінде жарияланады).

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp