«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мектеп – ауылдың тірегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Есіл ауданына ісса­пармен барып, ауылдардағы оқу орындарының жай-күйімен, ты­ныс-тіршілігімен таныстық. Ісса­па­рымыз Покровка ауылдық ок­ругінен басталды. Төрт елді мекен қарайтын ауылдық округте барлығы 1805 тұрғын өмір сүріп жатыр. Ауылдық округ аумағында 33 агроқұрылым жұмыс істейді. Негізінен дәнді және майлы да­қылдарды өсірумен айналысады.

Ат басын Покровка орта мек­те­біне бұрдық. Мұнда өткен оқу жылында 235 оқушы білім алған. Қазақ сыныбына 13 ба­ла барып жүр. Мектепте оқушы­ларды өнерге баулып, эстетика­лық талғамын дамытып, қабілет­те­рін арттыру мақсатында 14 үйір­ме жұмыс істейді. Соның ішінде қазақ тілін оқытуға, да­мытуға арналған үйірме де бар. Биылғы оқу жылында робототехника және домбыра үйірмелері де ашылған екен.

– Биылғы оқу жылында 11-сынып оқушысы Виталий Сухомли­нов ауыл мектептері арасында өт­кен олимпиадада, одан кейін об­лыста бірінші орынды жеңіп алды. Республикалық кезеңде де бірінші орынды иеленіп, Павло­дар қаласындағы С.Торайғыров атындағы жоғары оқу орнының грант иегері атанды. Жалпы мек­тебімізде Виталий секілді мақта­нышымызға айналған оқушыла­р өте көп. 2022 жылы ал­ғашқы қазақ сыныбы ашылды. Қа­зіргі таңда қазақ тілінде білім бе­ретін даярлық, бірінші және екін­ші сынып бар, – дейді Покровка ор­та мектебінің директоры Біржан Қойшыбаев.

Келесі сапарымыз Покровка ауылдық округінің аумағындағы Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде жалғасты. Биылғы оқу жылында колледжді 163 студент сәтті аяқ­таса, оның 58-і – сырттай бі­лім алғандар.

Оқу ісінің меңгерушісі Татьяна Дмитриктің сөзінше, жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде оқу және материалдық базаны дамы­тумен қатар даярланатын маман­дықтар да көбейген. Өңірге қа­жет дәнекерлеу, агрономия, есеп және аудит, ауыл шаруашылығын механикаландыру, тамақта­нуды ұйымдастыру, ветерина­рия, орман шаруашылығы, ет және ет өнімдерін өндіру, сүт және сүт өнімдерін өндіру маман­дықтары бойынша кадрлар осын­да оқиды.

Колледждің 391 гектарды құ­райтын оқу-өндірістік шаруашы­лығы бар. Оны студенттерге өн­дірістік оқыту үшін оқу-тәжірибелік алаң ретінде пайдаланып, түрлі дақылдар мен картоп егеді.

Бұдан әрі Чириковка ауы­лын­дағы орта мектепке табан тіредік. Ұжыммен кездесуде айтылған мә­селе – мектепте интернет жоқ. Ал қазіргі таңда интернетсіз жұмыс өнбейтіні түсінікті.

“Біздің жұмысымыз толығы­мен интернетпен байланысты. “Күнделік.kz” толтыру, тоқсан сайын оқушыларды тестілеу, бейнеса-бақтар көрсету үшін де интернет қажет. Мектепте интернеттің жоқтығынан барлық жұмысты үйге алып барып орын­даймыз. Түнімен отыруға тура ке­леді. Ауылда да интернет сапасы нашар. Көп жерге хат жазғанымызбен, шешімін таппады”, – деп мектеп ұстаздары шағымдарын айтты.

Ұстаздардың шағымынан кейін Чириковка ауылдық округі­нің әкімдігіне хабарластық. Әкім­діктегілер Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігіне былтыр да, биыл да өтініштер жолдағанын, ондағылар “халық саны аз шағын елді мекен болғандықтан, ештеңе істей алмайтыны жөнінде ресми жауап бергенін алға тартты. Со­дан кейін бұл мәселе “жабулы қазан” күйінде қалған секілді.

Аудан орталығынан 70 шақы­рым жерде орналасқан Бұлақ ауы­лындағы орта мектеп заманауи құрал-жабдықтармен, атап айтқанда интербелсенді панельдермен, ноутбук және нетбуктар, план­шеттермен жабдықталған. Мектеп қабырғасында тәрбиеле­ну­шілерге жан-жақты білім мен тәрбие беруге бағытталған әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мә­селен, музыка пәнінің мұғалімі Бақытгүл Талқамбаеваның же­тек­шілік етуімен жұмыс істеп жат­қан домбыра үйірмесі – мектепте өтетін әртүрлі іс-шаралардың көр­кі. Оқушылардың ұлттық аспапты үйренуге деген ынта-жігерлері де ерекше. Ұстаздың талапты шә­кірттері Аяжан Қайранасова, Ел­нұр Төлеген аудандық, облыстық іс-шараларға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеле­нуде.

Үш жыл бұрын ашылған күрес секциясы ауыл балаларына үл­кен серпіліс әкелген. Мектеп тәр­биеленушілері аудандық жарыстардан үнемі жүлделі орындар иеленіп жүр. Мектеп қабырғасын­да жұмыс істейтін өлкетану үйірмесі аясында оқушылар ту­ған жердің тарихымен танысып, білім аясын кеңейтуде.

Мектеп оқушылары аудан­дық, облыстық Мағжан, Абай, Қожаберген жырау оқуларына, ғы­лыми жобалар, өзге де интел­лектуалдық байқауларға, өнер жа­рыстарына белсенді қатысады. Соңғы екі жыл қатарынан мектеп түлектері түгел дерлік жоғары оқу орындарында грант бойын­ша оқып жатыр.

Мектеп басшылығының айтуын­ша, ұжымның ең үлкен же­тістігі – 2023 жылы округтер ара­сында Мағжан Жұмабаевтың шығар­ма­шылығына арналған мәдени іс-шарада бас жүлдені ұтып алғаны. Оған берілген 1 млн. теңге­ге мектептегі түрлі іс-шараларды музыкалық сүйемелдеу үшін қа­жетті құрал-жабдық сатып алған.

Іссапар барысында еліміздің болашағы– білімді ұрпақты тәр­биелеп отырған әр оқу ордасы за­мана көшінен қалмай, барынша даму жолына түскенін көріп риза болдық.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp