«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН ОТАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде биыл жоғары технологиялық қымбат отаны сырқаттарға тегін жасау үшін 361 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген.

“Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс­тық филиалының медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мони­торингілеу бөлімінің басшысы Ольга Полянскаяның айтуынша, өмір үшін аса маңызды қымбат отаға биылға бөлінген қаражат­тың 207,7 млн. теңгесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру арқылы беріліп отыр.

МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық емдеу әдістерінің тізбесінің және көлемінің ұлғаюы­ның арқасында өлім-жітімнің, оның ішінде жүрек-қан тамырла­ры және неврологиялық аурулар­дан болатын өлім-жітімнің төмен­деуі байқалады.

Облыстық көпсалалы ауруха­на кардиологиялық орталығының жүрек-қантамыр хирургиясы бө­лім­шесі 30 орынға шақталған. Мұнда кардиохирургтар, қан-та­мыр хирургтары, сондай-ақ ин­тер­венциялық кардиологтар мен рентген хирургтар жұмыс істейді. Бөлімше мамандары жүрекке ашық операция жасайды, мыса­лы: аортокоронарлық және мам­мар-коронарлық шунттау, жүрек қақпақшаларын протездеу және пластикасын, сол жақ қарын­ша­ның пластикасын істейді. Тек қан-тамыр хирургтары ғана отаның 100-ге жуық күрделі түрін жасай­ды.

Былтыр 42 сырқатқа 248,8 млн. теңге сомасына жоғары тех­нологиялы оталар тегін жасалған. Орташа алғанда, жасалған бір операцияның құны шамамен 6 млн. теңге.

“Жиі жасалатын жоғары тех­нологиялық операциялардың бірі – бас және мойын тамырларының эндоваскулярлық эмболизация­сы немесе окклюзиясы. Медици­налық көмектің бұл түрі биыл қаңтарда ғана облыстың 3 тұрғы­нына көрсетілді. Олар сақтанды­рылмаған жағдайда емделу үшін 6 млн. теңгеден астам ақша тө­лейтін еді”, – дейді Ольга Полян­ская.

Маманның айтуынша, сақтандырылған адам қымбат операцияны тегін жаса­туға құқылы.

Егер адам ауырып қалса және қымбат технологияларды қолда­на отырып диагностика мен ем­деу­ді қажет етсе, онда тұрғылық­ты жеріне қарамастан қажетті медициналық көмек ала алады. Ал қызметті алу үшін емдеуге жату жоспарлы түрде жүргізіледі.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp