«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құтырған түлкі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ста­робелка ауылында жеке тұрғын үйдің қорасынан табылған түлкіден құтыр­ма ауруы анықталды.

Мамандар пато­логиялық ма­териалды зерт­ханада тек­сергеннен кейін диагнозды рас­тады. Түлкі үй жануарла­рымен байланыста болма­ған.

Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округінің әкімі ін­детті жою және аурудың ал­дын алу мақса­тында тұрғын үй аумағында шектеу шара­ларын белгілеу туралы ше­шім қабылдамақ. Оның нә­тижесінде түлкі ұсталын­ған баспана иесінің қо­ра-қоп­сысы зарарсыздан­ды­рылып, барлық үй жануарына құ­тырма ауруына қарсы екпе қойылады.

Қайырлы ҚАЗАНОВ,

облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp