Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Старобелка ауылында жеке тұрғын үйдің қорасынан табылған түлкіден құтырма ауруы анықталды.
Мамандар патологиялық материалды зертханада тексергеннен кейін диагнозды растады. Түлкі үй жануарларымен байланыста болмаған.
Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округінің әкімі індетті жою және аурудың алдын алу мақсатында тұрғын үй аумағында шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдамақ. Оның нәтижесінде түлкі ұсталынған баспана иесінің қора-қопсысы зарарсыздандырылып, барлық үй жануарына құтырма ауруына қарсы екпе қойылады.
Қайырлы ҚАЗАНОВ,
облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы.