«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Бір күн қалада” жобасы аясында көшпелі экс­кур­­­­сия бастау алды. Уә­лиханов, Ақжар және Айыртау аудандарынан келген кішкентай қо­нақтар қаланың көрікті жерлерін аралауға кі­рісті.

Балалардың күн тәртібі бел­гіленіп қойған. Олар орталық саябақтағы “Аттракциондар әлемінде” көңіл көтеріп болған соң облыстық тарихи-өлкетану музейіне, “Абылай хан резиден­циясына” барып тарихтың тұң­ғиығына үңілді. Одан соң қала­дағы кинотеатрға барып мульт­фильм көрсе, артынан “Нептун” аквапаркінде көңіл көтерді.

Жалпы “Бір күн қалада” – балалардың жазғы демалысын мазмұнды өт­кізу үшін ұйымдас­тырылған бі­регей жоба. Еліміз бойынша дәл осындай “Ұлы Да­ла кереметі” , “Jas galym”, “Гаст­ро туризм”, “Қо­нақжай отбасы” сынды жобалар бастау алған.

Биыл еліміз бойынша бар­лы­ғы 2,9 млн. бала жазғы демалы­сын 10 743 демалыс орталығын­да өткізеді. Оның 10 мыңы жыл бойы сауықтыру орталықтарын­да, 240 мыңы қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн.-ы мек­теп жанындағы және 75 мыңы шатырлы және киіз үй лагерьле­рінде демалады.

Ал өңірде бүгінгі таңда 11 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Олардың тоғызы маусымның 10-ы күні балаларды қабыл­даса, қалған екі сауықтыру ме­кемесі шілде айында есігін ай­қара ашпақ.

Облыстық білім басқармасы­ның қорғаншылық, қамқоршы­лық және тәрбие жұмысы бө­лі­мі­нің басшысы Мафруза Науа­но­ва­ның айтуынша, өңірде бол­ған төтенше жағдайға байла­ныс­ты Қызылжар ауданындағы екі жазғы лагерь су астында қал­ған. Қазір су толығымен тарты­лып, кептіру жұмыстары жүргі­зілген. “Орленок” лагерінде қай­та қалпына келтіру жұ­мыс­тары басталса, “Серебря­ный бор­дағы” жөндеу жұмыста­ры келесі аптаға жоспарланған.

“Жоспар бойынша биыл об­лыста жалпы алты мыңнан ас­там бала жазғы лагерьге бара­ды. Мемлекеттік сауықтыру орын­да­рына жолдама құны 35 мыңнан басталса, сенімгерлік басқаруға берілген екі лагерьде 50 мың тең­ге тұрады. Ал Бура­байда орна­лас­қан “Эделвейс” ла­ге­ріне жол­дама құ­ны – 65 пен 100 мың тең­ге ара­лығында. Бі­рақ Тайынша ауда­нының бала­лары бұл са­уық­тыру орнына 35 мың теңге­мен бара алады”, – деді Маф­руза Науа­нова.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp