«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Киелі құты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар аудандық та­рихи-өлкетану мұражайын­да Алаштың арда туған азаматы Смағұл Сә­дуақасұлының өртелген мәйіті­нің күлі жатқан құ­тының көшір­ме­сі бар. Му­зей қызметкері Айнар Ма­қышеваның айтуынша, құнды жәдігерді мәдениет ордасына ұлт қайратке­рінің туысы Қапар Айту­ғанов 2011 жылы табыс­та­ған.

ХХ ғасырдың басында Алаш­орда сапында тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаның небәрі 33 жыл ғұмыр кешкені белгілі. Қа­зақтың ардақты перзенті өмірінің соңында Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында бас инженер болып қызмет етіп, 1933 жылдың желтоқсанында Кремль ауруха­насында жұмбақ жағдайда көз жұмған. Кейін мүрдесі өртеліп, кү­лі Дон зиратында сақталып кел­ген болатын. Смағұлтанушы ға­лым Дихан Қамзабекұлының бас­тамасымен тарихи тұлға мәйіті­нің күлі 77 жылдан кейін елордаға жеткізілді.

Тұлға мәйітінің күлі сақталған құтыны музей меймандары ерек­ше қастерлейді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp