«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа баспанаға қоныстанды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемде Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байла­ныс­ты Ғабит Мүсірепов атында­ғы ауданның Дружба және Но­воишим ауылдарында 9 үй қар­ғын судың астында қалуына бай­ланысты аудан әкімінің ше­шімі­мен төтенше жағдай жа­риялан­ған болатын. Зардап шек­кен­дер­ге келтірілген мате­риалдық за­лалды бағалау және өтеу жө­нінде жедел түрде ко­миссия құ­рылды. Тоғыз өтініш бойынша мүліктің тіз­белері мен меншік құқығын растайтын құжат­тар қаралды. Әр отбасына 100 АЕК, одан бө­лек, Новоишим ауылынан 6 от­ба­сына жалпы сомасы 2215,2 мың теңге мөл­шерінде біржолғы төлем, сон­дай-ақ жылжымалы мүлікке ма­териалдық залалды өтеу бо­йынша 2845 мың теңге өтемақы берілді. Сонымен қатар бюд­жет­тен тыс қаражат есебі­нен 1 млн. теңгеден астам сома­ға қаржылай көмек көрсетілді.

Үкіметтің қаулысына сәйкес тұрғындарға төтенше жағдай сал­дарынан қираған немесе тұруға жарамсыз болған тұрғын үйдің жалпы ауданынан кем емес мөлшерде Новоишим ауы­лында дайын тұрғын үйді таң­дау мүмкіндігі берілді. Сатып алынатын тұрғын үйлерге ба­ғалау және техникалық тексеру жүргізілді. 7 тұрғынға “QYZYLJAR ASAR” корпоратив­тік қорының қаражаты есебінен 122 855 000 теңгеге тұрғын үй­лер сатып алынды.

Қызылжар ауданында да кел­тірілген материалдық шы­ғынды бағалау жөніндегі ко­миссия жұмыс істеді. Бүгінгі таң­да 17 үй сатып алынды. Бас­па­на тұруға жарамды деп та­ныл­са, жөн­деу­ге арналған қаражат сметаға сәй­кес төленіп, тас­қын­нан зар­дап шегушінің есеп­шотына (не механикаланды­рыл­ған брига­даға) аударыла­ды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp