«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КЕҢ ДАЛАНЫҢ” КӨМЕГІ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Диқандар үшін ыңғайлы “Кең дала-2” бағдарламасына ел бойынша бүгінге дейін 300-ден астам кәсіпкер қатысса, соның 38-і – біздің өңірдің диқан­дары. Олар жалпы сомасы 2,8 млрд. теңге жеңілдетілген несие алды.

Көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қар­жыландыруға бағытталған “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша несие алғандардың бірі – “Полтавское” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі. Ақ­қайың ауданындағы шаруа­шы­лықтың 15 мың гектарға жуық алқабы бар, дәнді, май­лы дақыл, жемшөп егеді.

“Бұған дейін “Кең дала” бағ­дарламасы бойынша 400 млн. теңге алдық. Жаңадан қабылданған “Кең дала-2” бағ­дарламасы арқылы біз 200 млн. теңге алдық. Өте ыңғай­лы бағдарлама, өйткені қа­рыз­ды күзде қайтаруға бола­ды. “Кең дала-2” бағдарла­масы арқылы қаражат белгілі бір мақсатқа беріледі. Біз ал­ған ақшаның 90 млн. теңгесі­не мың тонна тыңайтқыш алып, осылайша 40 пайызын төледік. 30 пайызы гербицид алуға жұмсалды. Бұл қара­жатты жұмысшылардың ең­бекақысын беруге пайдала­нуға болады. Диқандарға кө­мек керек, былтыр орақ қиын жағдайда өтті. Көктемде су тасқыны болды, қосымша шығынға батып жатырмыз”, – дейді “Полтавское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дирек­торының орынбасары Ерлан Зікірин.

Аққайың ауданындағы ша­руашылық мемлекеттің қол­дауы нәтижесінде ісін дөңге­летіп қана қоймай, ауылдың дамуына да үлес қосып жа­тыр. Серіктестік өкілдері жылына 200-300 млн. теңгеге жуық қара­жат­­ты әлеуметтік мәселе­лерді шешуге жұмсайтында­рын айтты. Баспаналар тұр­ғызуға ерекше мән берілуде. Әр баспананың өзіндік құны орта есеппен 16 млн. теңгені құ­­райды екен. “Біз оны жұ­мыс­шыларымызға 10 жылға бөліп төлеу мүмкіндігімен 4,5 млн. теңгеге бердік. Осындай 11 үй салдық. 120 шаршы метр, ішінде суы, кәріз жүйесі бар. Былтыр балабақшаны пайда­лануға бердік. Жолдарды жөн­ге келтірдік. Қазір ауылда қо­ғамдық монша, медициналық пункт жұмыс істейді”, – дейді Ерлан Зікірин.

“Кең дала-2” бағдарламасы бойынша көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға биыл ел бойынша 300 млрд. теңге бөлінген. Жеңілдетілген несиені “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ филиалдарынан, екінші деңгейлі банктерден, кредиттік серіктестіктерден, микроқаржы ұйымдарынан және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы алуға болады.

“Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз деңгейінде болады. Бұған дейін фермерлер пайыздық мөлшерлемені қысқарту үшін және субсидия алу үшін жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге, жаңа міндеттемелерге қол қоюға, қаржының бөлінгенін күтуге мәжбүр болған. Кепілге қоятын мүлік іздеп қажет емес, қарыз сомасының 85 пайызын “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіреді”, – дейді “Аграрлық несие корпорациясы” акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Мәрлен Нәбиев.

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірге “Кең дала-2” бағдарламасы бойынша 50 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта 134 фермерден 14,7 млрд. теңгенің өтінімі түскен.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp