Қызылжар ауданында жедел уәкілдер 2014 жылы жасалған телефон ұрлығын ашты. Аудан тұрғындарының бірі Соколовка ауылының маңындағы көлде демалып жатқан. Әйел адам отырған жерінен сол кездегі танымал “Samsung Galaxy S III Mini” телефонын таппай қалған.
Қылмысты “ізін суытпай” ашу мүмкін болмады, соған қарамастан, 10 жылдан кейін тәртіп сақшыларына ауданның 27 жастағы тұрғынын анықтауға мүмкіндік берген жаңа мән-жайлар анықталды. Ұрлық жасаған кезде ол 17 жаста болған. Ол кінәсін мойындап, жағажайда қараусыз қалған басқа біреудің мүлкін қалай иемденгенін айтқан. Ұрланған зат заңды иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды.
Әсет ҚАНАФИН.