«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕНІС АЛАҢЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі таңда педагогтың кәсіби дамуы – оқу іс-әрекетінің табысты болуының аса қажетті шарты. Әрбір ұстаз – білім беруші ғана емес, сонымен қатар оқушыларды жаңа белестерге жетелейтін ынталандырушы. Педагогтардың біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі – кәсіби шеберлік байқауларына қатысу. Бұл іс-шара мұғалімнің дағдылары мен білімін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар әріптестерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім беру саласындағы сарапшылармен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы өткізетін “Пе­дагогикалық идеялар панора­масы” – педагогтар арасында ең танымал байқаулардың бірі. Себебі бұл – мектепке дейінгі ұйымдардан жоғары оқу орын­дарына дейінгі барлық деңгей­дегі мұғалімдерді, соның ішінде арнайы, түзету ұйымдарын және ПМПК-ны қамтитын жал­ғыз конкурс. Әрі байқауға қатысу тегін, бейнематериал­дар­ды дайындау үшін мұғалімге шамамен 6 ай уақыт беріледі.

Бұл байқау алты жыл бұрын басталған болатын. Өңірімізден 11 мұғалім республикалық бай­қаудың жүлдегері атанды. Осы жылдар ішінде облыс педагог­тары республикада үз­дік екен­дерін бірнеше рет дә­лелдеді. Өңірде “Пе­дагогикалық идея­лар пано­ра­масы” байқауында өз тәжіри­бесін ұсынатын ұстаз­дар кө­бейіп келеді. 2022 жылы об­лыстық деңгейде 74 жүлделі орын, 2023 жылы 93 жүлделі орын берілді, бұл жаңа буын мұғалімдерінің әлеуетін таны­туға, жаңа көкжиектерді ашуға мүмкіндік береді.

Мәселен, Абай атындағы мамандандырылған қазақ гим­назиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүл­шат Қалиева “Педагоги­калық идеялар панорамасына” қаты­су, ең алдымен, оқытуда жаңа технологиялардың генерация­сына серпін беретінін атап көрсетті. Бұл – әдеттегі орта­ңыздан шығып, әріптестеріңізге өз идеяларыңызды көрсетуге себеп. Тәжірибе алмасу кәсіби шабыт алуға және жаңа қуатпен толықтыруға мүмкіндік береді. Ұстаз да зергер сияқты әріпте­сінен гауһар тасты алып, пі­шінделгенін береді. Осы арқы­лы шәкірттерінің, ең адал төрешілерінің санасына сәуле түсі­реді, көкірек көзін ашады, шы­рағын жағады.

Биылғы “Педагоги­калық идеялар панорамасы-2024” рес­публикалық байқауының бас­талғанын хабарлаймыз. Бұл қазақстан­дық мұғалімдер үшін он екі бағыттың бірі – оқу са­уаттылығынан медиа және қар­жылық сауаттылыққа дейінгі бейнелер түріндегі түпнұсқа әзірлемелерімен бөлісудің біре­гей мүмкіндігі.

Байқауға жеке және үш адамға дейін топтасып қатысуға болады. Әртүрлі бейнефор­маттар қабылданады, соның ішінде дәрістер, сабақтар, зертханалық сабақтар, семи­нарлар және бейне подкасттар. Жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

Ұсынылған жұмыстар тақы­рыптың өзектілігі, әдістемелік құндылығы және шешендік өнердің сапасы сияқты жеті критерий бойынша бағаланады. Әр аталым бойынша бірінші, екінші және үшінші орын жеңімпаздары марапатталады. “YouTube” платформасында әр аталым бойынша ең көп қа­ралған бейнелер үшін серти­фикаттар беріледі.

Байқауға қатысу мұғалімдерге кәсіби мәртебесін көтеруге тамаша мүмкіндік береді. Өйткені барлық марапаттар мен дипломдар біліктілік санатын беру немесе растау үшін аттес­тациялау кезінде ескеріледі. Облыстық және республикалық кезеңдерге өткен барлық қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар беріледі.

Байқаудың облыстық кезе­ңіне қатысуға өтінімдер 24 сәуір мен 15 қазан аралығында https://ppi.orleu-edu.kz сай­тында қабылданады.

Әсел ЖАҚСАЛЫҚОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы облыстық филиалының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp